Сарғайып, айналасын сары алтынға
толтырып, әдемі де әсем күз мезгілі де жетті. Бұл әсемдік пен сұлулыққа қарап
тұрсаң көзің тоймайды. Қарай бергің келеді де тұрады. Күздің тағы бір
ерекшелігі күзгі бал мерекесі. Осы мерекеде көп жастар
бір-бірімен танысып, бірін – бірі, ғашық болып жатады.
Осы күз мерекесіне байланысты біздің де мектеп - балабақша кешеніміздің оқушылары Күзгі бал іс-шарасына үлкен дайындықты да бастап кетті. Көйлек тігу, шаш сәнін жасау, алдын-ала жұптарды анықтау сияқты дайындық та басталды. Әр қатысушы күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы болуды армандайды. Бірақ жарыстың аты жарыс: жеңімпаз біреу-ақ. 2015 жылдың 17 қазанында күзгі бал мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл күзгі балдың ерекшелігі оқушылардың күзгі табиғи материалдардан жасалған жұмыстардың көрмесін көрсетіп, күздің сәнін кіргізетін «Күзгі сән – 2015» сомдауы болды. Барлығы 4 жұп қатысып, 7 кезеңнен тұратын мерекелік кешке оқушылар өте тиянақты, дайындалып, өздерінің тапқырлығын, ұйымдастурушылыққабілетін көрсетуге тырысты. Әділқазы алқасы құрамы оқу ісінің меңгерушісі Г.Т.Сембиева, мектептің әлеуметтік педагогы С.В.Геймур мен жүйелік администратор В.В.Анищенко. Конкурс әділ болу үшін әр деңгейден өткеннен соң 5-балдық бағалармен бағалап отырды. Әрбір конкурста жұптар өз өнерлерін барынша көрсетіп бақты. Сайыстың соңында 4 жұпты ортаға шақырылып, дипломдармен марапатталса, Күз Ханшайымы 9 «б» сынып оқушысы Самара Евгения мен Күз Ханзадасы 9 «а» сынып оқушысы Рысқалиев Әзімбек атанды. Сонымен қатар мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар көрермендермен зияткерлік ойындар ұйымдастырып, мерекені қыздыра түсті. Кеш соңы би кешімен ұласты.

Комментариев нет:
Отправить комментарий