среда, 28 октября 2015 г.



«Қамқоршы күнін» мерекелеу қарсаңында Березов мектеп – балабақша кешенінде өткен «Мейірімді жүрек» республикалық акцияның есебі

19 қазан күні әлеуметтік педагог С.В.Геймур мен тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шохановамен «Мейірімді жүрек» атты қамқоршыларға арналған мерекелік іс-шараның бағдарламасының жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
20 қазан күні тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты отбасы фотогалереясы өтті.
21 қазан күні мектебімізді психологтары Н.М.Нармухамедова мен К.Е.Джумагалиева қамқоршыларға арналған психологиялық тренинг өткізді. Сонымен қатар бұл күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен тәлімгер Ф.К.Демесинова қамқоршы күніне арналған «Мейірім шуағы» атты концерттік бағдарлама өткізді. 
                

22 қазан күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастырумен қамқоршылық балаларға сыйлық беріп, ауылымыздың мәдениет үйінің ұйымдастырушылары қамқоршыларға «Доброе сердце» атты  интеллектуалдық ойынын өткізді. 
   
                              
23 қазан күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастырумен бастауыш сынып арасында «Толағай» спорттық жарыс өтті. 
              
6.Мектеп кітапханашы С.Н.Рыбинская 24 қазан күні «Мейірімді жүрек» акциясына арналған кітап, газеттер көрмесін ұйымдастырды. 
Әлеуметтік педагогтың ұйымдастырумен «Родительская любовь и стили родительского поведения» атты қамқоршы ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізді.               
Қазан айының 28-і күні тәлімгер Ф.К.Демесинова 5-11 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізге жылу сыйлайық» атты жүректер таратып, ол жүректерде оқушылар бір-біріне жылу сөздері жазып, тақтаға ілді. Содан 11 сынып оқушылары балаларға флешмоб өткізді. 
                   
 

Комментариев нет:

Отправить комментарий