Березов мектеп –
балабақша кешенінде 1-30 қазан аралығында «Қайырымдылық
айлығы – игілік бастауы» атты қайырымдылық айлығы өтті.
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі.
Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдіретін сүйіспеншілік пен нақты
көмек. Қайырымдылық ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Үлкен байлықпен
адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жинаған
байлығыңды абыройлы етеді. Қайырымды адам деп өзінің жасап жүргендерінің
қайырымдылық екенін білмейтін һәм аңғармайтын адамды атайды. Ондай адамдардың өмір
жолы тек ізгілікпен, мейірімділіктен, еңбекқорлықтан, өзінде барды үнемі
өзгелермен бөлісумен өріледі. "Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық
ісіңнен көрінеді» деп жатады дана халқымыз. Сондықтан әдемілік сияқты емес,
қайырымдылық өзін қажет етеді дегендей Березов мектеп – балабақша кешенінде
қазан айының 1-30 аралығында «Қайырымдылық айлығы – игілік бастауы»
атты қайырымдылық айлығы жоспары құрылып, төмендегідей бірқатар іс-шаралар
атқарылды.
1 қазан күні мектеп тәлімгері Ф.К.Демесинова ауылдық
әкімшіліктен ауылымыздағы қарттар мен мүгедектер тізімін алып, әр сыныпқа көмек
көрсететін қарттар мен мүгедектерді бөліп қойды.
1-30 қазан аралығында «Қарияларға қамқорлық көрсетейік»
тақырыбымен жалғызбасты қарияларға және мүгедек адамдарға көмек көрсетіп,
қамқорлық жасады.
Сонымен қатар, әрбір сыныптың жетекшісі қарияларға барып,
көмек көрсеткендігін анықтама түрінде жазып, тапсырды.
15 қазан күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен
мектеп тәлімгері Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен ауылымыздың үлкен кісілеріне
«Мейірім шуағы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл мереке
ауылымыздың шағын кафесінде ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ауылымыздың әкімі
Ж.Т.Хайруллин мен мектебіміздің директоры Ж.М.Жаксыгалиева құттықтау сөздерімен
бастап, мектебіміздің әншілері мен бишілері тамаша өнерлерін ортаға салды. Шараның
соңында үлкен кісілер бұл шараны ұйымдастырған қауымға өздерінің жылы
ықыластарын білдірді.
Жас Ұлан ұйымының мүшелері мен тәлімгер Ф.К.Демесинованың
ұйымдастыруымен ауылымыздың ақ жаулықты әжелер мен аталарымызға «Ақ гүл – ақ
жүрек» атты гүлдер акциясы өткізілді.
1-30 қазан аралығында 5-11 сынып жетекшілері «Сад
доброты», «Қарттарым – асыл қазынам», «Что такое милосердие?», «Помогаем
старшим», «Қарияға салем қыл», «Әдептілік – адам көркі» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
1-20 қазан аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында
«Атам, әжем және мен» тақырыбында мектебіміздің І қабат дәлізінде көрме
ұйымдастырылды.
17 қазан күні 1-7 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізге
жылу сыйлайық» акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты: бір-бірімізді жақсы көруге, жақсылық пен жылулығымызды
бір-бірімізге сыйлай білуге үйрету.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова



















Комментариев нет:
Отправить комментарий