четверг, 29 октября 2015 г.




28 қараша күні аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсай қаласындағы №6 мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдерінің «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі үйретудің тиімді әдістемесі» әдістемелік идеялардың байқауы өтті. Өткен шараға орыс тілі сыныптарда қазақ тілінен сабақ беретін сегіз мұғалім қатысты. Березов мектеп - балабақша кешенінен Демесинова Фарида Қайірбекқызы қатысып, өз өнерін көрсетіп, Алғыс хатқа ие болды.

  

среда, 28 октября 2015 г.

Аудандық қамқоршы слеты – 2015ж
27 қараша күні Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ – нде дәстүрлі қамқорлық күніне арналған шара өтті. Бұл шараға ауданның қамқоршылар мен қамқорлық тәрбиешілер өзінің қамқорлыққа алған балалар мен келген. Осы мерекеде жақсы, жылы лебіздер айтылды. Өз балаларын тәрбиеледе қамқоршылар Аудандық білім беру бөлімінен мақтау қағаздарына ие болды.


Қамқоршы Рамазанов Д.А
Бағдарламаны оқушылар жалғастырды. Олар ән шырқап, өлең оқып, би биледі. Біздің мектептің оқушылары концерттік бағдарламаға белсенді қатысты. 11 сынып оқушысы Шугалей Анастасия ағылшын тілінде «Belliso» әнін орындады, 9 сынып оқушысы Мизинов Вадим «Семья» өлеңін оқып, Челнакова Настямен вальс биін биледі.



Концерттік бағдарламаға қатысқан оқушылар есте қалатын сыйлықтармен марапатталды. Шаран демеушілер Ищенко Т.Г. және Иргалиева А.М. барлық қонақтарға шағын дастархан ұйымдастырды.




«Қамқоршы күнін» мерекелеу қарсаңында Березов мектеп – балабақша кешенінде өткен «Мейірімді жүрек» республикалық акцияның есебі

19 қазан күні әлеуметтік педагог С.В.Геймур мен тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шохановамен «Мейірімді жүрек» атты қамқоршыларға арналған мерекелік іс-шараның бағдарламасының жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді.
20 қазан күні тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында» атты отбасы фотогалереясы өтті.
21 қазан күні мектебімізді психологтары Н.М.Нармухамедова мен К.Е.Джумагалиева қамқоршыларға арналған психологиялық тренинг өткізді. Сонымен қатар бұл күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен тәлімгер Ф.К.Демесинова қамқоршы күніне арналған «Мейірім шуағы» атты концерттік бағдарлама өткізді. 
                

22 қазан күні мектеп әкімшілігінің ұйымдастырумен қамқоршылық балаларға сыйлық беріп, ауылымыздың мәдениет үйінің ұйымдастырушылары қамқоршыларға «Доброе сердце» атты  интеллектуалдық ойынын өткізді. 
   
                              
23 қазан күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастырумен бастауыш сынып арасында «Толағай» спорттық жарыс өтті. 
              
6.Мектеп кітапханашы С.Н.Рыбинская 24 қазан күні «Мейірімді жүрек» акциясына арналған кітап, газеттер көрмесін ұйымдастырды. 
Әлеуметтік педагогтың ұйымдастырумен «Родительская любовь и стили родительского поведения» атты қамқоршы ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізді.               
Қазан айының 28-і күні тәлімгер Ф.К.Демесинова 5-11 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізге жылу сыйлайық» атты жүректер таратып, ол жүректерде оқушылар бір-біріне жылу сөздері жазып, тақтаға ілді. Содан 11 сынып оқушылары балаларға флешмоб өткізді. 
                   
 

пятница, 23 октября 2015 г.

23 қараша күні М.А.Шолоховтың 110 жылына орай аудандық "Оқусыз білім жоқ - 2015" зияткер - лингвистикалық турнир өтті Березов МБК камандасы қатысып, ІІІ орынға ие болды.

 

Команда мүшелері; Шугалей Анастасия, Самара Евгения, Фролов Данил, Кикоть Денис и Челнакова Настя.

четверг, 22 октября 2015 г.

2015 жылдың 22 қараша күні Ақсай каласының №4 мектебінде өткен аудандық "Жас ойшылар - 2015" логикалық есептер шешу турниріне Березов мектеп - балабақша кешенінің оқушылары Тукубаева Ляззат, Кенесарова Асель, Жантлесова Айымгул, Махмудова Лязат қатысты,



22 қазан күні Бөрлі ауданының Мәдениет үйінде «Оқитын отбас – ғасыр үлгісі» байқауы өткізілді.
Өткізілу мақсаты – кітап оқу мәдениетінің жетілдіру, оқу кеңістігінің аясын кеңейту; отбасымен бірге кітап оқып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, «ел болып оқиық» деген насихат жасауына мүмкіндік тудыру.

Бұл байқауға 18 отбасы қатысып, 4 турдан өтті.Березов мектеп – балабақша кешенінен мектеп кітапханашысы Рыбинская Светлана Николаевнаның жетекшілігімен Исалиевтер отбасы қатысып, «Өнерлі отбасы» номинациясымен марапатталды.

среда, 21 октября 2015 г.

Березов мектеп – балабақша кешенінде 1-30 қазан аралығында «Қайырымдылық айлығы – игілік бастауы» атты қайырымдылық айлығы өтті.
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдіретін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Үлкен байлықпен адамға үлкен қайырым бітпейді, керісінше, үлкен қайырымдылық – жинаған байлығыңды абыройлы етеді. Қайырымды адам деп өзінің жасап жүргендерінің қайырымдылық екенін білмейтін һәм аңғармайтын адамды атайды. Ондай адамдардың өмір жолы тек ізгілікпен, мейірімділіктен, еңбекқорлықтан, өзінде барды үнемі өзгелермен бөлісумен өріледі. "Әдемілік түріңнен көрінеді, қайырымдылық ісіңнен көрінеді» деп жатады дана халқымыз. Сондықтан әдемілік сияқты емес, қайырымдылық өзін қажет етеді дегендей Березов мектеп – балабақша кешенінде қазан айының 1-30 аралығында «Қайырымдылық айлығы – игілік бастауы» атты қайырымдылық айлығы жоспары құрылып, төмендегідей бірқатар іс-шаралар атқарылды.

1 қазан күні мектеп тәлімгері Ф.К.Демесинова ауылдық әкімшіліктен ауылымыздағы қарттар мен мүгедектер тізімін алып, әр сыныпқа көмек көрсететін қарттар мен мүгедектерді бөліп қойды. 

1-30 қазан аралығында «Қарияларға қамқорлық көрсетейік» тақырыбымен жалғызбасты қарияларға және мүгедек адамдарға көмек көрсетіп, қамқорлық жасады.





Сонымен қатар, әрбір сыныптың жетекшісі қарияларға барып, көмек көрсеткендігін анықтама түрінде жазып, тапсырды.
15 қазан күні тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен мектеп тәлімгері Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен ауылымыздың үлкен кісілеріне «Мейірім шуағы» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл мереке ауылымыздың шағын кафесінде ұйымдастырылды. Мерекелік шараны ауылымыздың әкімі Ж.Т.Хайруллин мен мектебіміздің директоры Ж.М.Жаксыгалиева құттықтау сөздерімен бастап, мектебіміздің әншілері мен бишілері тамаша өнерлерін ортаға салды. Шараның соңында үлкен кісілер бұл шараны ұйымдастырған қауымға өздерінің жылы ықыластарын білдірді. 

Жас Ұлан ұйымының мүшелері мен тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен ауылымыздың ақ жаулықты әжелер мен аталарымызға «Ақ гүл – ақ жүрек» атты гүлдер акциясы өткізілді.
1-30 қазан аралығында 5-11 сынып жетекшілері «Сад доброты», «Қарттарым – асыл қазынам», «Что такое милосердие?», «Помогаем старшим», «Қарияға салем қыл», «Әдептілік – адам көркі»  атты тәрбие сағаттарын өткізді.

1-20 қазан аралығында бастауыш сынып оқушылары арасында «Атам, әжем және мен» тақырыбында мектебіміздің І қабат дәлізінде көрме ұйымдастырылды.




17 қазан күні 1-7 сынып оқушылары арасында «Бір-бірімізге жылу сыйлайық» акциясы өткізілді.  Акцияның мақсаты: бір-бірімізді жақсы көруге, жақсылық пен жылулығымызды бір-бірімізге сыйлай білуге үйрету.
Тәрбие ісінің меңгерушісі                       Д.М.Шоханова