суббота, 12 сентября 2015 г.

«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы

1.    Мектепте балаларға және жасөспірімдерге арналған сенім телефоны орнатылды. Сенім телефонына хабар түскен жоқ.
2.    Жоғары сынып оқушылары 3 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушыларына, 10 қыркүйекке күні ата-аналарға флешмоб биін өткізді.
          3.    1-6 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша І орын Мулдашева Айым, ІІ орын Ахмет Әнел, ІІІ орын Муканалиев Эльдар иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.
4.    Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол үстіндегі қауіпсіздікке назар аударту мақсатында жол полиция инспекторлары көшеде жүргізушілерді тоқтатып, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану, мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы қауіпсіздік белгілері туралы сұрап, өз білімдерін ортаға салды.

              5.    Қауіпсіз жол» жол қозғалысының жас инспекторлары арасында да байқау өтті. Осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол қозғалысында абай болуды үйренді.
6.    Жол қозғалысының жас инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына балалардың жол-көлік оқиғасында жарақаттанудың алдын алу, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол үстіндегі қауіпсіздікке назар аударту мақсатында әңгімелер жүргізді.
            7.    Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері бойынша инспектор А.У.Муртазин 5-11 сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы ережелерімен таныстырды.
                8.    10 қыркүйек күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында мектеп психологтары Н.М.Нармухамедова мен К.ЕДжумагалиева «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сауалнама жүргізіп, бейнероликтер көрсетті.

                   

Комментариев нет:

Отправить комментарий