вторник, 1 сентября 2015 г.

Жаңа 2015-2016 оқу жылында Березов мектеп-балабақша кешенінде жыл сайынғы дәстүр бойынша Білім күні өткізілді. 1 қыркүйек Білім күні «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбына жоспар құрылды. Бұл шараның негізгі мақсаты – балалар мен оқушы жастарды өз Отаны – Тәуелсіз Қазақстан Республикасын сүюді, оның лайықты азаматтары болуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау ұмтылысын үйрету.
Білім күніне арналған салтанатты жиын сәулетті мектеп алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды өткізу үшін алдымен жиын өткізетін жердің жоспары құрылды. Сол жоспарға сәйкес оқушылар тұрғызылды. Салтанатты жиынды тәрбие ісінің меңгерушісі Д.М.Шоханова мен Ф.К.Демесинова жазып дайындаған «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты алғашқы қоңырауға «Ақсайжылуқуат» МКК бас маманы Ж.И.Курманкулов, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг кәсіпорынның өкілі А.Сейтжанова, Березов ауыл округінің әкімі Ж.Т.Хайруллин, педогогикалық ұжымның ардагері, ҚР Білімінің құрметті қызметкері С.Ж.Алдабергенов құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жақсы білім алуына тілектестіктерін білдірді. Березов МБК директоры Ж.М.Жаксыгалиева оқу жылындағы мектептің жеткен жетістіктеріне тоқтала келе, жалпы аудан аралық рейтинг бойынша оқу үлгерімі жөнінде көшбасшы мектептердің қатарында екенін айтты. Сонымен қатар мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мен мектеп бітіргелі тұрған оқушыларға алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Мектеп бітіргелі тұрған 11 сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер мен мұғалімдерді білім күнімен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. Мектебіміздің жас әншісі Ахмет Әнел «Мектебім» атты көңілді әнін көпшілікке сыйлады.
Алғашқы қоңырау соғу рәсімі құрметпен 11 сынып оқушылары Гинаятов Тимур мен Шугалей Анастасия және 1 сынып бүлдіршіндері Ғадамша Назерке мен Сахипкереев Артурға берілді.
              Салтанатты жиыннан кейін әр сынып жетекшілері өз сынып бөлмелерінде білім күнінің «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы сынып сағаттарын өткізді.

     

Комментариев нет:

Отправить комментарий