7 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушылары мен ұстаздарға отбасы күніне арналған
салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды тәрбие ісінің меңгерушісі
Д.Шоханова мен ата-аналар комитетінің төрайымы Фоняк Елена Сергеевна отбасы
туралы қысқаша айтып, апталықтың жоспарымен таныстырды.
7 қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы», «Моя
семья», «Наша дружная семья», «Отбасы – тіршілік тірегі», т.б. тақырыптарда
сынып сағаттары өткізілді.
8 қыркүйек күні мектеп психологтары Н.М.Нармухамедова мен
К.Е.Джумагалиеваның ұйымдастырумен бірінші сынып ата-аналарына психологиялық
кеңес жүргізілді. Барлығы 20 ата-ана қатысып, белсенділіктерін танытты.
9 қыркүйек күні «Отбасы күні – махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбында
5-9 сынып арасында фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.
10 қыркүйек күні «Отбасым – менің тірегім» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысы мектеп директоры Ж.М.Жаксыгалиеваның құттықтау сөзімен
басталды. Ата-аналар жиналысы ерекше тұрде, мектеп сабақөтары түрінде
өткізілді. Барлығы 5 сабақ өткізілді: қазақ тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану,
сынып сағаты мен би үйірмесі. Өткізген сабақтардың тақырыбы отбасы туралы, атап
кететін болсақ, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Б.Татжекенова балалар
ертегілерін атап, сол ертегілердің ішінде отбасының жақсы және жаман жақтары
қандай деп сұрады. Ата-аналар өте жақсы жауап беріп, белсенділіктерін көрсете
білді. Ата-аналар жиналысы жоғары сынып оқушылар кеңесінің ұйымдастырумен
флешмоб өткізілді. Барлығы 45 ата-ана қатысты.
11 қыркүйек күні 2-4 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен
«Толағай» спорттық отбасылар сайысы өтті. Барлығы 4 отбасы қатысты. Олар:
Есбергенов, Қаминов, Асылбеков пен Курмангалиевтер отбасы.
12 қыркүйек күні 7-8 сынып оқушылары мен аналарының қатысуымен «Үлгілі
отбасы – 2015» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: ата-ана, мұғалім және
бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке ынтымақтастыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.
Барлығы 4 отбасы қатысты Құлжабек, Есбергенов, Никитенко мен Беркінов
отбасылары қатысты.













Комментариев нет:
Отправить комментарий