Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан
туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіл атадан балаға мирас
болып қалатын баға жетпес мұра. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша. Сондықтан
әр ұлттың өз ана тілінің өзіндік құны жоғары дегендей 26 қыркүйек күні қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен мектепішілік
«Тіл
– ұлттың байлығы» атты өзге тілдегі әндер байқауы өткізді. Барлығы 4
сынып қатысып, өзбек, украин, шотланд және орыс тілінде би мен әндерін жырлады.
суббота, 26 сентября 2015 г.
среда, 16 сентября 2015 г.
"Зорлық – зомбылықтың, сексуалдық зорлықтың және бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеудің алдын алу" бойынша өткізілген іс-шаралар
Бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы –
еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа үйрету.
Осылардың барлығын баланың бойына сіңіріп, күнделікті өмірде әдетке айналдыру
тәрбиенің басты мақсаты. Жастар арасында, үйде немесе көшеде кездесетін зорлық
– зомбылық біздің қоғамымызда орасан зор мәселе болып отыр, кейде оны
анықтаудың өзі қиын. Осы мақсатта біздің мектебімізде зорлық – зомбылықтың,
сексуалдық зорлықтың және бала еңбегінің ең қиын түріне жол бермеудің алдын алу
бойынша оқушылармен, ата – аналармен, ұстаздармен көптеген іс-шаралар
өткізілді.
Мектепішілік ата – аналар жиналысы Березов МБК-нің директоры
Ж.М.Жаксыгалиеваның құттықтау сөзімен басталды.
Ата-аналар жиналысында мектеп психологтары
К.Е.Джумагалиева мен Н.М.Нармухамедова ата-аналармен көптеген тренингтар
өткізіп, К.Е. Джумагалиева «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» атты баяндама оқып
ата – аналармен күрделі түрде талқыланды. Мектеп психологтары зорлық-зомбылыққа байланысты көптеген «Мальчик
и девочка», «Жестокое отношение» атты бейнероликтер көрсетіп, ата –аналар өз
ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар мектеп психологтары ата –аналарға
сауалнамалар жүргізді. Сауалнама-1 мақсаты: «Балаға жыныстық тәрбие беруде өз
рөлін сезінуге көмектесу» Сауалнама-2 мақсаты: Қазіргі кезде кең етек алып
отырған қоғамдық мәселелердің бірі - педофилизм, оның алдын-алуда және ата -
аналарды ақпараттандыру мақсатында жүргізілді. (Қосымша №2)
Ата –аналар көптеген сұрақтар қойып, сұрақтарына
жауап алды. Сонымен қатар ата-аналарға мектеп психологтары қауіпсіздікті алдын-алу
мақсатында көптеген ережелері бар «Балалар мен ата-аналарға арналған жаднаманы!»
таратты.
16.09.2015 жылы АІІБ Кәмелетке толмағандар жасөспірімдердің
инспекторы А.У.Муртазин 5-11 сынып оқушыларына құқықбұзушылық пен зорлық –
зомбылық тақырыбында әңгімелесіп, оқушыларға үнемі тәртіп сақтау керектігін
айтып өтті.
Ал, мектеп психологтары «Зорлық – зомбылық және
балалар» атты сауалнама жүргізді. Жалпы
сауалнама қорытындысы бойынша зорлық –зомбылық көріп жүрген оқушылар анықталған
жоқ. (Қосымша №1)
Әлеуметтік педагог С.В.Геймур 5, 8 «б» сыныптар
арасында «Дети без обид и унижении» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар
түгел қатысып өз ойларын ортаға салып, сұраққа жауап берді. Тәрбие сағаты
мақсатына жетті.
1-11 сынып жетекшілері сынып сағаттарында зорлық-зомбылықты
алдын алу мақсатында тәрбие сағаттарын өткізді.
понедельник, 14 сентября 2015 г.
7 қыркүйек күні 1-11 сынып оқушылары мен ұстаздарға отбасы күніне арналған
салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынды тәрбие ісінің меңгерушісі
Д.Шоханова мен ата-аналар комитетінің төрайымы Фоняк Елена Сергеевна отбасы
туралы қысқаша айтып, апталықтың жоспарымен таныстырды.
7 қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы», «Моя
семья», «Наша дружная семья», «Отбасы – тіршілік тірегі», т.б. тақырыптарда
сынып сағаттары өткізілді.
8 қыркүйек күні мектеп психологтары Н.М.Нармухамедова мен
К.Е.Джумагалиеваның ұйымдастырумен бірінші сынып ата-аналарына психологиялық
кеңес жүргізілді. Барлығы 20 ата-ана қатысып, белсенділіктерін танытты.
9 қыркүйек күні «Отбасы күні – махаббат пен адалдықтың белгісі» тақырыбында
5-9 сынып арасында фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.
10 қыркүйек күні «Отбасым – менің тірегім» атты ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысы мектеп директоры Ж.М.Жаксыгалиеваның құттықтау сөзімен
басталды. Ата-аналар жиналысы ерекше тұрде, мектеп сабақөтары түрінде
өткізілді. Барлығы 5 сабақ өткізілді: қазақ тілі, орыс тілі, өзін-өзі тану,
сынып сағаты мен би үйірмесі. Өткізген сабақтардың тақырыбы отбасы туралы, атап
кететін болсақ, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Б.Татжекенова балалар
ертегілерін атап, сол ертегілердің ішінде отбасының жақсы және жаман жақтары
қандай деп сұрады. Ата-аналар өте жақсы жауап беріп, белсенділіктерін көрсете
білді. Ата-аналар жиналысы жоғары сынып оқушылар кеңесінің ұйымдастырумен
флешмоб өткізілді. Барлығы 45 ата-ана қатысты.
11 қыркүйек күні 2-4 сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен
«Толағай» спорттық отбасылар сайысы өтті. Барлығы 4 отбасы қатысты. Олар:
Есбергенов, Қаминов, Асылбеков пен Курмангалиевтер отбасы.
12 қыркүйек күні 7-8 сынып оқушылары мен аналарының қатысуымен «Үлгілі
отбасы – 2015» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: ата-ана, мұғалім және
бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке ынтымақтастыққа,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін дамыту.
Барлығы 4 отбасы қатысты Құлжабек, Есбергенов, Никитенко мен Беркінов
отбасылары қатысты.
суббота, 12 сентября 2015 г.
«Қауіпсіз мектеп» республикалық акциясы
1. Мектепте балаларға және жасөспірімдерге арналған сенім телефоны орнатылды.
Сенім телефонына хабар түскен жоқ.
2. Жоғары сынып оқушылары 3 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушыларына, 10 қыркүйекке
күні ата-аналарға флешмоб биін өткізді.
3. 1-6 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіздік шұғыласы» атты сурет байқауы
өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша І орын Мулдашева Айым, ІІ орын Ахмет
Әнел, ІІІ орын Муканалиев Эльдар иеленіп, алғыс хатпен марапатталды.
4. Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол үстіндегі қауіпсіздікке назар
аударту мақсатында жол полиция инспекторлары көшеде жүргізушілерді тоқтатып,
қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану, мектеп пен үй арасындағы жолдар, ондағы
қауіпсіздік белгілері туралы сұрап, өз білімдерін ортаға салды.
5. Қауіпсіз жол» жол қозғалысының жас инспекторлары арасында да байқау өтті.
Осы шара барысында оқушылар қауіпсіздік туралы өз білімдерін жетілдіріп, жол
қозғалысында абай болуды үйренді.
6. Жол қозғалысының жас инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына балалардың
жол-көлік оқиғасында жарақаттанудың алдын алу, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз
ету және жол үстіндегі қауіпсіздікке назар аударту мақсатында әңгімелер
жүргізді.
7. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің істері бойынша инспектор А.У.Муртазин
5-11 сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы ережелерімен
таныстырды.
8. 10 қыркүйек күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында мектеп
психологтары Н.М.Нармухамедова мен К.ЕДжумагалиева «Зорлық-зомбылықсыз балалық
шақ» тақырыбында сауалнама жүргізіп, бейнероликтер көрсетті.
Подписаться на:
Комментарии (Atom)

































