среда, 30 марта 2016 г.

8 Наурыз Халықаралық күні мерекесі аясында Березов мектеп-балабақша кешенінде көптеген және әртүрлі мерекелік іс-шаралар өтті. Толығырақ айтатын болсам,бұл
29.02-07.03. күндер аралығында 1-11 сынып арасында «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» тақырыбында сынып сағаттар өтті. Сынып сағаттарда әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланып, аналардың құрметіне тақпақтар, өлендер айтылып, әндер шырқалды.

Мейрам қарсаңында мерекелік концерттер мен бағдарламалар, көрмелер мен байқаулар, ертеңгіліктер өтті. Атап айтсам,4 наурыз күні сағат 10.00-де балабақшада «Жылы шуақ күннен, мейірім анадан» атты салтанатты мерекелік іс-шара, ал 7 наурыз сағат 9.30 дан бастап 11.30дейн бастауыш сынып мұғалімдері Т.В.Коба мен А.М.Ануарова аналарға арнап ертеңгіліктер ұйымдастырды.
Ертеңгіліктер ерекше түрде өтті. Т.В.Коба мерекелік бағдарлама әзірлесе, ал А.М.Ануарова «Менің анам алтын» тақырыбында байқау түрінде өткізді.
7 наурызда сағат 11.30-да 6 сынып жетекшілері А.Б.Татжекенова мен
 С.Н Рыбинская «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара М.Мақатаевтың сөздеріне жазылған «Әйелдер-ай...» атты бейнероликпен басталды да құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Ж.М.Жаксыгалиеваға берілді. Шара барысында 6 сынып оқушылары хормен «Анашым», «Мамочка моя» т.б. әндер айтып, өлен жолдарын оқып, келушілердің көңілін аулады.Сонымен қатар, іс-шараға 6 сынып оқушыларының әкелері атынан Мустафин Жеңісбек барлық әйелдерді құттықтап,сыйға әсем ән тарту етті.Ал, балалар аналарына, келген қонақтарға өз қолдарымен жасақталған гүл шоқтарын сыйлады.Мерекелік іс-шарf Р.А.Мустажапованың жетекшілігімен даярлаған 
«Вальс цветов» би композициясымен мәресіне жетті. 

3.03-7.03 күндер аралығында мектебімізде «Ана қуанышы» фотобайқау бастама алды. Байқау ұйымдастырушы «Жас Ұлан» біріңғай ұйым мүшелері мен тәлімгер Ф.Қ.Демесинова қатысушылардың фотоларын іріктеп, көрме ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты – оқушыларды ананың қадірін білуге, ананы құрметтеуге, ананың мейірбандық қасиетін ұғындыру. Барлық сынып оқушылары аналарының фотосуреттерін алып өздерінің шығармашылық қасиетіне орай, аналарына арнап өздерінің жүрекжарды тілектерін әдемі сөздермен, өлеңмен жеткізіп отырды.Аналарын қалай жақсы көретінін, жақсы тілектерін жазды.
11 наурыз күні ДТІЖО И.Сугурбаева мен тәлімгер Ф.Қ.Демесинованың ұйымдастыруымен, 6-8 сынып оқушыларының  қыздары арасында «Мектеп аруы -2016» атты байқау өткізілді. Байқаудың мақсаты: қыздарымызды қазақы инабаттылыққа, нәзіктікке, парасаттылыққа баулу. Өзінің салт-дәстүрін жете білуге үйрету. Байқау 5 кезеннен тұрды (Өзін-өзі таныстыру, жағдаят «Қызға қырық үйден тыйым...», өз өнерін көрсету, салт-дәстүрді білеміз бе ? және кешкі сән үлгісі) Байқауға 5 ару қатысты. Әділқазылар алқасының шешімімен «Мектеп аруы -2016 » аталымына 8 сынып оқушысы Тулеуова Амина ие болды.Қатысушылар дипломдармен марапатталды.


12 наурыз күні, 4 сынып пен 9 сыныпта оқитын балаларының ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыстың басты мәселесі бұл  ОЖСБ тапсырылуы.Сол жиналыстың барысында, мектеп психологтары К.Е.Джумагалиева мен Н.М.Нармухамедованың ұйымдастыруымен «Татулық- отбасы ұйтқысы» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді.Ата-аналар белсеңді қатысып, өз ойларымен ашық бөлісті. Сонымен қатар, білім туралы занның т.б. заңдардың өзгерістерімен  таныс болды. ДТІЖО И.Сугурбаева өзгерістерімен танытырып қоймай, мектепішілік біріңғай форма мен кітап қамтылу жағдайымен
де таныстырды.



14 наурыз күні, яғни көрісу мейрамы, амал мерекесі деп те аталатын мейрам мектебімізде де аталып өтті. Таңертен балалар әдетте болатын мектепішілік салтанатты жиынға жиналды. Тәлімгер Ф.Қ.Демесинова балаларды  Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр   туралы ақпарат беріп, балаларға бейнеролик ұсынды. «Айқаракөз» әжелер қоғамының мүшесі Шналиева___әжей келіп, балаларға өз батасын беріп, жақсы тілектер айтты. Сол күні екі аусымда оқитын балаларға, яғни даярлық топқа да бауырсақ пен тәттілер үлестірілді.



14.03-19.03 күндер аралығында 1-11 сынып арасында «Жаса, Наурыз- жыл басы» атты сынып сағаттар өтті. Мақсаты оқушыларға мейрамның қалай шыққанымен және қазақ халқының салт-дәстүрлері мен Наурыздың рәміздерімен таныстыру болды. Әр сынып Наурыз мерекесі туралы тапсырма алды. (ұлттық ойын, ұллтық би, салт- дәстүр т.б.)
15 наурыз күні Наурыз мейрамы мен ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дене шыңыктыру пәні мұғалімдері А.Т.Кабулов пен М.Ж. Уразгалиевтың ұйымдастыруымен мекемелер арасында волейболдан жарыс өтті.

Осынау көктен көпке шапағат төгілетін Ұлыстың ұлы күнін мектепалды тобымен шағын орталық бүлдіршіндері  ерекше ықыласпен қарсы алды


17 наурыз күні «Аққайын» балабақшасында «Наурыз мейрамы» ертеңгілігі өтті.
Сол күні, мектебімізде ата-аналар комитетімен бірлесе отырып, үлкен іс-шара ұйымдастырылды. Ата-аналар комитетінің төрайымы Фоняк Елена
Сергеевна мен ДТІЖО И.Сугурбаева 5-8 сынып оқушылары мен аналарының қатысуымен «Үздік ана-2016» байқау өткізді. Байқаудың мақсаты: ата-ана мен
бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Баланың қызығушылығын ояту, ойлау қабілетін
дамыту. Барлығы 5 отбасы қатысты. Олар Бисұлтановтар, Ивченко, Татжекеновтар, Құсманғалиевтер және Беркіновтар отбасы. Іс-шара көңілді өтті.
Нәтижесінде, «Үздік ана-2016» аталымына ие болған 5 сынып оқушысы Мулдашева Айымның анасы Бисұлтанова Гүлфия Қайырханқызы. Барлық 

қатысушылар кішігірім сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.


18 наурыз күні бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің сыныптарында Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өткізді.


Ал, жалпы мектепішілік жиын наурыздың 19-і күні өтті. Биыл Наурыз мейрамы ерекше өтті.
Мерейлі мерекені жоғары деңгейде қарсы алуға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар барын салған. Нәтижесі таңдай қақтырарлық. Мектеп актзалының ортасында шаңырақ орнатылып, төсеме кілемдер төселіп, ұлттық тағамдардан әр бір сынып дастархан жасақтап, барлығы бір шаңырақтың астында отырдық. Мереке халық серуені секілді өткізілді. Балалар ортаға бар өнерлерін салды. 5
сынып жетекшілері К.Н.Киясова мен Г.И.Назарова іс-шараны қолға алып, жоғары деңгейде өткізді, барлығының көңілінен шықты.Іс-шара барысында «Наурыз - думан» (жетекшісі Р.А.Мустажапова), «Қамажай» (сынып жетекшісі С.Н.Рыбинская), «Қара жорға» (сынып жетекшісі А.Б.Татжекенова) билерін ортаға салып, «Алдар көсе» сахналау түрінде көрсетіп (сынып жетекшісі Н.М.Нармухамедова), «Арқан тарту» ұлттық ойынын ойнатып, «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Құдаласу» рәсімдері көрсетіп, ән-шашу шашты. Мерекелік шоу-бағдарламасы өте қызықты өтті.




Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қауімі оқушыларға осындай үлкен іс-шараға белсенді қатысқан үшін алғыс білдірді.
07.03-19.03 күндер аралығында 2-6 сынып арасында бейнелеу пәнінің мұғалімі Д.С.Сахипкерееваның көмегімен, «Көктем келді!» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар өз ойларын қағаз бетіне салып, барлық шығармашылықтарын көрсете білді. Белсеңділіктері сонша, көрмеде бос орын қалған жоқ. Суреттерде біреулер аналарына алғыс білдіріп,  8 наурызға орай гүл шоқтарын салса, кейбіреулер көктем мезгіліндегі табиғатты бейнеледі.

























Комментариев нет:

Отправить комментарий