18 мен 23 қаңтар аралығында 1-11 сынып қыз балалары арасында ұлттық тәрбиені насихаттау барысында «Шаш өру – қазақ қызына тән» атты байқау бір апта көлемінде өткізілді. Барлық сыныптың қыз балалары бір апта бойы шаштарын неше түрлі өрім қылып өріп,бірінен бірі асып түсіп,белсенді қатысты. Аптаның соңында ең белсенді қатысқан оқушылардың арасынан оза шапқан жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен мадақталды. Бұл дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.



Комментариев нет:
Отправить комментарий