16 желтоқсан күні «Березов мектеп – балабақша» кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар өтті
Мақсаты: Отансүйгіштікке баулу, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметтеуге тәрбиелеу, егемендігімізге мақтану.
Барша Қазақстан халқы 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің мектепте де іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Іс – шараларға ата-аналар, мұғалімдер, мектеп ұжымы мен ауылдық округінде жұмыс жасайтын мамандар қатысты.
Мектеп балабақшасының «Гүлдер» және «Тамшы» тобының тәрбиешілері «Елімнің
еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді
0 «а», 0 «б» бастауыш сынып мұғалімдері «Тәуелсіздік
деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді.
14 желтоқсан күні 1-11 сынып жетекшілер Тәуелсіздік
күніне орай төмендегідей сынып сағаттарын өткізді: «16 декабря – День
Независимости Республики Казахстан», «Независимый Казахстан», «Тәуелсіз елім –
тал бесігім», «Под флагом Независимости», «Тарих – ғасырлар куәсі» және т.б.
14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай, тәлімгер
Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас
Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өткізілді.
12 желтоқсан күні мектебімізде 1-11 сынып оқушылар мен
мұғалімдердің қатысуымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты
мектепішілік спорттық жарыс ұйымдастырылды. 1-4 бастауыш сынып оқушылар мен
мұғалімдер арасында «Толағай» спорттық жарыс, 5-7 сынып аралығында «Дойбы»
спорт түрінен жарыс өткізілсе, 8-11 сынып аралығында үстел теннисінен жарыс
өтті. Жүлделі орын алған командалар дипломмен марапатталды.
11 желтоқсан күні мектеп кітапханашы
С.Н.Рыбинскаяның ұйымдастырумен 6-7
сынып оқушыларына «Моя Родина – Казахстан» атты викторина өткізді.












Комментариев нет:
Отправить комментарий