вторник, 29 декабря 2015 г.

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай «Березов мектеп – балабақша» кешенінде іс-шаралар өтті.
Мақсаты: 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу; Оқушыларды Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру.
Барша Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің мектепте де іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Іс – шараларға ата-аналар, мұғалімдер, мектеп ұжымы мен ауылдық округінде жұмыс жасайтын мамандар қатысты.
28 қараша күні мектебімізде Березов ауылдық округінің аппараты мен мектеп мекемесінің арасында волейбол, үстел теннисі мен арқан тартыстан спорттық турнир ұйымдастырылып, өткізілді. Барлығы 4 команда қатысты. Олар: Березов ауылдық округінің «Бірлік» командасы, бастауыш сынып мұғалімдердің «Солнышко» командасы, орта және жоғары сынып мұғалімдердің «Алға» командасы мен мектеп техқызметкерлердің «Найзағай» командасы қатысты.


1-11 сынып жетекшілердің ұйымдастырумен сынып сағаттары өткізілді.
9 «б» сынып жетекшісі Н.М.Нармухамедова «Мәңгілік ел» атты сынып сағатын семинар тернинг түрінде өткізсе, 6 «б» сынып жетекшісі М.М.Шаповалова «Судьбою с Родиной единый» атты сынып сағатын дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырып, өткізді. 

1-4 «а» бастауыш сынып мұғалімдері «Елі сенген тұлға» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. 

Мектеп балабақшасының «Гүлдер» мен «Тамшы» тобының тәрбиешілері «Елімнің алғашқы Президенті», «Тұңғыш Президент күні» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізсе. 



24 желтоқсан күні мектеп психологы Н.М.Нармухамедова 5-11 сынып оқушыларына «Өмір қызық және ғажап» тақырыбына тренинг-сабақ өткізді
21 желтоқсан күні мектеп психологы К.Е.Джумагалиева 5-11 сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы бұзақылыққа кім кінәлі?» тақырыбына презентация көрсетіп, оқушыларға ҚР-ғы баланың негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындаған қатынастарды реттейтін баптарымен таныстырды
 18 желтоқсан діни экстремизмді алдын алу мақсатында мектеп психологы К.Е.Джумагалиева 7-11 сынып оқушыларына «Жалған ұйымдардың жастарды тартудағы деструктивті әдістері» тақырыбына баяндама оқып, көп кеңес берді. 
15 желтоқсан күні «Жас Ұлан» ұйымы мен тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен «Ақ гүлдер» акциясы ұйымдастырылды.
 

пятница, 18 декабря 2015 г.

16 желтоқсан күні «Березов мектеп – балабақша» кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай іс-шаралар өтті
Мақсаты: Отансүйгіштікке баулу, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметтеуге тәрбиелеу, егемендігімізге мақтану.

Барша Қазақстан халқы 16 желтоқсан күні Тәуелсіздік күні мерекесін тойлайды. Осыған орай біздің мектепте де іс-шаралар жоспар бойынша атқарылды. Іс – шараларға ата-аналар, мұғалімдер, мектеп ұжымы мен ауылдық округінде жұмыс жасайтын мамандар қатысты.
Мектеп балабақшасының «Гүлдер» және «Тамшы» тобының тәрбиешілері «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаттарын өткізді
0 «а», 0 «б» бастауыш сынып мұғалімдері «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізді. 

14 желтоқсан күні 1-11 сынып жетекшілер Тәуелсіздік күніне орай төмендегідей сынып сағаттарын өткізді: «16 декабря – День Независимости Республики Казахстан», «Независимый Казахстан», «Тәуелсіз елім – тал бесігім», «Под флагом Независимости», «Тарих – ғасырлар куәсі» және т.б. 
14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай, тәлімгер Ф.К.Демесинованың ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өткізілді. 

12 желтоқсан күні мектебімізде 1-11 сынып оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мектепішілік спорттық жарыс ұйымдастырылды. 1-4 бастауыш сынып оқушылар мен мұғалімдер арасында «Толағай» спорттық жарыс, 5-7 сынып аралығында «Дойбы» спорт түрінен жарыс өткізілсе, 8-11 сынып аралығында үстел теннисінен жарыс өтті. Жүлделі орын алған командалар дипломмен марапатталды. 

11 желтоқсан күні мектеп кітапханашы С.Н.Рыбинскаяның  ұйымдастырумен 6-7 сынып оқушыларына «Моя Родина – Казахстан» атты викторина өткізді.