четверг, 6 октября 2016 г.

«Кәсіби қоғамдастық – кәсіби шеберлік».
Кәсіби қоғамдастық – бұл мұғалімдердің кәсіби қызметтілігін ұйымдастырудағы жаңа нысан. Кәсіби қоғамдастық – кәсіби қызметінде көмектесудің күштің құралы болып табылады. Олар мұғалімнің әрдайым актуальды болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіби қоғамдастық өз-өзімізбен болуымыздан құтылуымызға себепші. Әріптестерімізбен тілдесу арқылы мұғалімдер жай ғана өзінің жұмыстағы орнына қарағанда, өздерін үлкен бір нәрсенің бөлігі ретінде сезініп кәсіби басқару мүмкіндіктері кеңейеді. Соңында, кәсіби қоғамдастық – бұл, кем дегенде өзінің шығармашылық ойларын жүзеге асыру үшін әрдайым дайын тұрған кеңістік.
Кәсіби қоғамдастықтың функцияларын жүзеге асыру үшін «Березов мектеп-балабақша кешені» КММ-де «Үміт» атты кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыруға жөн көрдік. Бұл кәсіби қоғамдастықтың жұмысы 03.10.2016 – 07.10.2016 жж аралығында жүзеге асырылды. Қоғамдастықтың жұмысын іске асыру мақсатында біліктілікті арттыру курсының ІІІ деңгейін оқыған мұғалімдер мен мектеп әкімшілігін жинап, жоспар құрдық. Сол жоспарға сай төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі И.Ж.Сугурбаева «Использование сервисов Web 2.0 на уроках как средство повышения уровня знаний учащихся», орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Т.Сембиева «Диалоговое обучение на уроках», бастауыш сынып мұғалімі Т.В.Коба «Организация групповой и работы в парах в начальной школе», тарих пәнінің мұғалімі К.А.Аленова «Оқу мен оқытудағы бағалаудың түрлері» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізсе, информатика пәнінің мұғалімі Н.А.Калиева «Использование ИКТ на уроках» семинар-практикум, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.А.Мустажапова «Бірлескен жұмыс тиімділігі» мен география пәнінің мұғалімі Д.М.Шоханова «Білім берудегі АКТ» тақырыбында коучинг өткізді.  Іс-шаралар барысында көптеген мәселелер туралы ойлар қозғап, әркім өзінің тиімді әдістер мен нәтижелі тәжірибелерді ортаға салды. Бірлесіп бас қосқан жиындарда өзгеріс, жаңа типтегі білім беру туралы да әңгіме қозғалды. Шаттық шеңберін жасап, бағалау критерийлерін құрып, рефлексия жасап, ойларымызды ортаға салдық.
Тиімді кәсіби қоғамдастықтың ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылады. Бірлесіп жұмыс істеген кезде кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар сенімділікке  негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Кәсіби қоғамдастыққа қатысушылар бұл болашақ оқыту үшін, өзінің мүддесінде, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықтың мүддесін де инновациялық тәсілдерді құру үшін аса қажет деп есептейді. Бастапқы кезеңдердегі іс-әрекеттер неғұрлым көп топтардың қатысуын қамтамасыз ете отырып, ортақ мақсатты дамытуға арналуға тиіс және жай ғана бастамашыл адамдардың шағын тобы болып қана қоймай, қарқын алып дами беруі керек.  Яғни, кәсіби қоғамдастықтың ең басты тиімділігі - бұл өзара сенім, ашықтық, тіл табысушылық, шығармашылық, жаңашылдық, креативтілік, бұл қоғамдастық мүшелерінің қызығушылығын тудырады және процеске араласуына мүмкіндік туғызады.
Тиімді кәсіби қоғамдастықтар жоспардың болуын және адал  көшбасшылық пен басқаруды талап етеді. Кәсіби қоғамдастықтың сәттілігі жетекші рөл атқаратын адамдардың ұстанымына, қажырлылығы мен күш-жігеріне байланысты болатынын көрсетті.
Мектепте қоғамдастық жұмысы  тек мектеп көлемінде шектеліп қалмауы керек. Себебі мектепте жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігін бағалауда сырт көздің, басқа адамның көзқарасы мен бағалауы өте керек.  Мектеп  басқа да оқу орындарымен, кәсіпорындармен байланыс орнату керек. Кәсіби қоғамдастық жұмысын неғұрлым тиімді ету үшін мұғалімдерді марапаттау және мұғалімдердің АКТ құралдарын қолданудағы құзыреттілігін арттыру мақсатында интернет желісіндегі желілік қауымдастыққа ақпарат  алмасу  мен  пікір  алмасу  жұмыстарын  қалыпты жағдайға  енгізу қажет.
Мектеп ішінде басталған кәсіби қоғамдастық әрі қарай мектептер  арасындағы  қоғамдастықты  дамытып,  басқа  да  ұйымдарды  тарта  отырып, алдағы уақытта қатарымызды одан әрі де өсіремін деген үміттемін.

Березов МБК мұғалімдері

Д.М.Шоханова, Р.А.Мустажапова.