12 ақпан «Махаббат күні».
Мақсаты: Балалар еңбегін бағалау ,мадақтау іскерлік қабілеттерін
ұйымдастыру арқылы балаларды ұйымшылдыққа, Махаббат құндылығын түсінуге
баулу.Онкүндікті қорытындылау: "Махаббат бәрін ЖЕҢЕДІ!!!"
"Махаббат бәрін ЖЕҢЕДІ!!!" тақырыбында концерт қойылды. Концерт
соңында онкүндікке белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздармен марапатталды
11 ақпан «Қайырымды істер күні».
Мақсаты: Сүйіспеншілік пен сыйластық құндылығын
қалыптастыру. 2 ақпан күні басталған
"Өзін - өзі тану: МАХАББАТ пен ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ" онкүндігіндегі
өткізілген шараларды қорытындылау. Шараның
өту барысында атқарылған жұмыстар: оқушылардың қуанышты сәттері фотоға
түсіріліп, оқушылар іс шараларға белсене қатысып, өз алғыс, тілектерін
білдірді.
10 ақпан "Қуаныш сыйла". Пайдалы бұйымдар жасау
күні.
Мақсаты: Балалардың қызығушылығын арттыру, бір - біріне сыйлық сыйлату арқылы шынайылық сезімдерін
ұялату. Ойнай отырып ойлай білуге машықтандыру. Балалардың қызығушылығын
арттыру мақсатында мектепке оқушылардың өздері жасаған бұйымдар, кітаптар, сувенирлерін
әкелу. Акт залында оқушылар арасында сағат 15.00-де лотерея ойыны өткізілді.
Ойын барысында оқушылар билет арқылы өздері жасаған бұйымдарды ұтып алды.
9 ақпан поэзия күні ."Шешендік бұрыш".
Мақсаты: Тіл тазалығын, сөз саптау, өлеңді мәнерлеп оқу
шеберліктерін шыңдау. Ақындардың және оқушылардың өздері шығарған өлеңдерін
мәнерлеп оқу. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай,
ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылды, сонымен қатар 6 сынып оқушысы Жантлесова Айымгүл
өзі шығарған "Ақынға арнау", 8 сынып оқушысы Дернова Анна өз
өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Мектеп жанындағы "Аққайың" балабақша
бүлдіршіндерінің тақпақтары тыңдалды.
8 ақпан «Ақыл кеңес беру күні».
Мақсаты: Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға
сүйіспеншіліктің құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті туралы
түсінік беріп, қамқорлық жасау, дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік
қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге
тәрбиелеу. Атқарылған жұмыстар: Әндер шырқалды, "Кел, ойнайық!" атты
ойын ойнатылды. "Екеуміз" (әр сыныптан 2 оқушы қатысты).
6 ақпан «Жылулық» күні.
Мақсаты: Балалардың дұрыс әрекет жасауын,сенімділігін
қалыптастыру, дұрыс жол таңдай білуге бағыт беру. "Сен де бір кірпіш
дүниеге, кетігін тап та бар қалан" тақырыбында қабырға газеті ұстаздар мен
оқушылардың фотосуреттерімен құрастырылды.
Қабырға газетіне ұстаздар мен оқушылардың фотосуреттер мен аты - жөндері
жазылып үлкен үй құрастырылды. Бұл мектебіміздің бірлікті, ынтымақты
дәріптейтінін көрсетті.
5 ақпан «Тосын сый күні».
Мақсаты: Табиғат аясында серуендей жүріп, қардан аққала, түрлі
кейіпкерлер мүсінін жасату арқылы балаларды еңбекқорлық бірлік, тапқырлыққа
баулу. Табиғат аясында оқушылардың көңіл күйін көтеру мақсатында мұз айдынында
қысқы ойындар ұйымдастыру. Балалар сыртқа шығып, аққала, қар атысып, қардан
түрлі мүсіндер жасады. Балалар бұл шараға қызыға қатысып, өздерін бақытты
сезінді.
4 ақпан фотосурет күні "Өзіңе үңіл, сен
әдемісің!".
Мақсаты: Табиғат жауһарларының сырын, сұлулығын байқап, сезіну,
жан тыныштығын орнату. Ауылдың табиғат сұлулығын суретке түсіре отырып,
балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл күні оқушылар
өздеріне ыстық ауыл суреттерін, өздерінің табиғат аясында түскен суреттерінен
көрме ұйымдастырды.
3 ақпан «Шебер қолдар күні».
Мақсаты: Балалардың іскерлік, шығармашылық, төзімділігін,
ой қиялын дамыту. Нәтижеге қол жеткізу. Өз ісінің шебері болуға баулу. Оқушылардың
қызығушылығын арттыру мақсатында шығармашылық жұмыстармен қамту. Фойеде
оқушылардың қолымен жасалған бұйымдар, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
2 ақпан - 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану:
Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» бойынша рухани-адамгершілік атты
онкүндік өтті.
2 ақпан «Күлкі күні».
Мақсаты: Оқушылардың бір - біріне, айналасындағы адамдарға
деген жүрек жақындығын, түсіністігін, жайдары мінез көтеріңкі көңіл күй сыйлай
білу әрекеттерін қалыптастыру, сүйіспеншілік құндылығын қалыптастыру. Әзілді
смайликтер арқылы оқушылар бір-біріне тілек, жүрек жылулығын сыйлау. Өзін-өзі
тану кабинеті жанында әзіл тілектер жазылған смайликтер ілінді.


















