18 мен 23 қаңтар аралығында 1-11 сынып қыз балалары
арасында ұлттық тәрбиені насихаттау барысында «Шаш өру – қазақ қызына тән» атты
байқау
бір апта көлемінде өткізілді. Барлық сыныптың қыз балалары бір апта бойы шаштарын неше түрлі өрім қылып
өріп,бірінен бірі асып түсіп,белсенді қатысты. Аптаның соңында ең белсенді
қатысқан оқушылардың арасынан оза шапқан жеңімпаздар анықталып, мақтау
қағаздарымен мадақталды.Бұл дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
15 қаңтарда 8-11 сынып
арасындағы қыз балалармен «Жасөспірімдердің қауіпсіз жыныстық дамуы»
атты қыздар жиналысы өткізіліп, мектеп
медбикесі Г.Д.Мендібаева «Репродуктивті денсаулық» тақырыбында лекция оқыды.
14 қаңтарда 3-11 сыныптар аралығында «Өз құқығыңды
білесің бе?» сауалнамасы өткізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша оқушылар
71% білім көрсеткіштерін көрсетті.
6 мен 8 қаңтар күні 7-8 сынып оқушылары мектебіміздің
мұражайына саяхат жасады. Мұражайдың жетекшісі М.М.Шаповалова мұражайдың
тарихымен, ондағы сақталған жәдігерлерімен таныстырды.









